Мұхтар Тілдабекұлы Ерман 1963 жылы 5 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. 1986-1993 жылдары - Алматы сәулет-құрылыс институтында ассистент, тағлымдамадан өтуші. 1993-1999 жылдары - «Яшар Холдинг» компаниясының аймақтық менеджері. 1999-2005 жылдары - «Алматыжарнама» мемлекеттік кәсіпорнының директоры. 2005-2006 жылдары «Асар» республикалық партиясы РҚБ Орталық аппаратында хатшының орынбасары, хатшы. 2006-2008 жылдары - «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында хатшы. 2008 жылдан «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары. 2013-2014 жылдары «Еуразия» бірінші арнасы» бас директорының орынбасары. 2014 жылдың мамыр айында ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» фракциясының аппараты басшысы қызметіне тағайындалды.
Мұхтар Тілдабекұлы Ерман
Последние статьи автора