Мұсағали Сәрсенбайұлы Дуамбеков

Мұсағали Сәрсенбайұлы Дуамбеков 1961 жылы 5 мамырда Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген. Қазақ политехника институтының Қаратау филиалын, қазіргі Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетінің аспирантурасын бітірген. 100-ден астам ғылыми жарияланымның және өнертабыстың авторы. Техника ғылымының докторы, профессор. Оның «Қазақстан экологиясы», «Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігі», «Экологиялық менеджмент» т.б. кітаптары жарық көрген. 1990-1996 жылдары - Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, деканы. 1996-1998 жылдары - Тараз университеті инженерлік-техникалық мамандықтарының Қаратау оқу-ғылыми методикалық кешені директорының орынбасары, «Кәсіпорындарды тарату және қайта құру агенттігі» АҚ Жамбыл филиалы директорының орынбасары. 1998-2000 жылдары - Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің төрағасы. 2000-2001 жылдары - Тараз мемлекетік университеті жанындағы экологиялық-экономикалық мәселелер ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. 2001-2003 жылдары - ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» ЖАҚ Техникалық департаменті директорының орынбасары. 2003-2004 жылдары - Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақмола филиалының директоры. 2004-2005 жылдары - «Жасыл ғаламшар үшін» экологиялық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 2007-2011 жылдары «Экологиялық таза тағам» журналының бас редакторы. 2011-2012 жылдары «Қарабура әулие мәдени орталығы" қоғамдық қорының президенті. 2012 жылдан бастап «Халықтық жемқорлыққа қарсы комитет» қоғамдық қорының президенті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста