Мұрат Құсайынов 1948 жылы 10 тамызда Жамбыл облысының Қордай ауданында дүниеге келген. Алматы консерваториясын тәмамдаған. «Досмұқасан» ансамблінің мүшесі. Композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық өнер академиясының корресподент мүшесі, бірнеше дүркін Бүкілодақтық және Дүниежүзілік фестивальдар мен байқаулардың лауреаты.
Ол халық әндері мен белгілі композиторлар туындыларын эстрадаға лайықтап өңдеумен қатар, өзі де музыка жазумен айналысады. Оның Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы бойынша жазылған симфониясы, спектакльдер мен фильмдерге жазған музыкасы, скрипка, жеке домбыраға, дуэт, трио, квартетке арналған күрделі шығармалары бар. Композитордың «Жігіттер жыры», «Бойжеткен», «Ғашықтар әні», «Жар жүрегі», «Сұлулық», «Наурыз», «Құрбым-ай», «Ғашық жүрек», «Болашақ» әндері халыққа кеңінен танымал. 1993 жылы «Әуен» дыбыс жазу студиясын ашқан.
Мұрат Құсайынов
Последние статьи автора