Меруерт Қабыкенқызы Каленбаева 1939 жылы 9 мауысымда Батыс Қазақстан облысы Орда ауданында дүниеге келген. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. Қобызшы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры.
1961-1979 жылдары Қазақ халық аспаптар оркестрі құрамында концертмейстер болды. 1966 жылдан консерваторияның оқытушысы. Ол Қазақстан өнер шеберлері құрамымен Венгрияда, Польшада, Германияда, Францияда, Жапонияда және Португалияда өткен Кеңес Одағының мәдени күндеріне қатысқан. КСРО Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Меруерт Қабыкенқызы Каленбаева
Последние статьи автора