Меруерт Мауытханқызы Махмұтова 1963 жылы 16 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Жаңасемей ауданында дүниеге келген. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін бітірген. 1985-1987 жылдары орта мектептің мұғалімі. 1987-1993 жылдары - Қазақ ғылыми-зерттеу энергетика институтының инженері. 1993-1996 жылдары - «Толқын» фирмасының экономика және қаржы жөніндегі директоры, «Ана және Ұл» АҚ-ның бас бухгалтері. 1997 жылы - ҚР Стратегиялық ресурстарға бақылау агенттігінің консультанты. 1997-1998 жылдары - «Семей» қоры жаңа жобалар департаментінің менеджері. 1998-2001 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Экономика институтының қаржы-несие қатынастары проблемалары бөлімінің меңгерушісі. 2001 жылғы желтоқсаннан бастап ҚР «Қоғамдық түйткілдерді сараптау орталығы» қоғамдық қорының директоры. Бүкіләлемдік банк, Азиялық даму банкі, БҰҰ ДБ, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сарапшысы.
1 монографияның, 50-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.
Меруерт Мауытханқызы Махмұтова
Последние статьи автора