Меруерт Балғабайқызы Түсіпбаева

Меруерт Балғабайқызы Түсіпбаева 1971 жылы 6 тамызда Павлодар облысы Баянауыл кентінде дүниеге келген. 1995 жылы музыкалық театр актері мамандығы бойынша Т. Жүргенов атындағы Ұлттық академияны тәмамдады. Өнер жолын, сол жылы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік жастар мен балалар театрында бастады.
Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан мен Есеней» спектаклінде Ұлпан рөлін, М.Ақынжанов, А.Әшімовтың «Алтын сақасында» Күнбала рөлін, М.Шаханов пен Ш. Айтматовтың «Сократ» спектаклінде Нуриді және т.б. елге танымал койылымдарда аса биік актерлік шеберлік көрсете білді. Театрдағы қызметімен қоса, Меруерт эстрада жұлдызы ретінде де көпшілікке танымал. 1996 жылы Т. Мұхаметжанов әні мен Ш. Сариевтің сөзіне жазылған «Қимай сені барамын» атты толық форматты биік кәсіби деңгейде бейнебаян шығарған бірінші қазақтілді әнші-актриса, бейнебаян сол жылы «Алтын жұлдыз» конкурсында республикалық видеороликтердің ең үздік үштігіне енді.
Кинодағы алғашқы қадамы, ол С.Нарымбетовтың «Омпа» фильмінде Шәмші рөлі, кейін Б.Мұстафиннің «Здравствуйте, доктор» қысқаметражды фильмінде Жәмиля рөлін ойнады. 2011 жылы "Қазақстан-1" телеарнасының тапсырысы бойынша жарық көрген «Кұрдастар» сериалында ойнады.
1998 жылдан бастап Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының вокалисі ретінде республика аумағы және шетелдерде мәдени іс-шараларға белсене ат салысты.
1998 жылы Қазақстан Жастар сыйлыгының лауреаты атағын иеленді. Осы жылдар ішінде, 1998 жылы «Кимай сені барамын», 2001 жылы «Сен және мен», 2006 жылы «Біржанға арнаймын», 2009 жылы «Сенің туған күніңде» атты альбомдары жарық көрді.
2006 жылы 10 жылдық шығармашылығына арнап Республика сарайында жеке концертін өткізді. 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.
2005 жылдан бастап Меруерт Түсіпбаева шығармашылықпен қатар ғылыми жұмыстармен де айналысты. 2005-2007 жылдары аспирантураның күндізгі бөлімінде білімін жетілдірді, соның нәтижесінде 2009 жылы 20 қыркүйекте Педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болды. 2009 жылдан бастап еліміздің екі іргелі жоғары оқу орындарында, атап айтқанда Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық академиясы мен Қазақ Мемлекеттік кыздар педагогикалық университетінде ұстаз болып қызмет атқарады. Бүгінгі күні Меруерттің шәкірттері әр түрлі деңгейдегі облыстық, республикалық вокалдық конкурстарда жүлделі орындарға ие болып жүр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста