Меруерт Айтқажықызы Қазбекова 1961 жылы 30 тамызда Көкшетау қаласында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, «Тұран» университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. Саясаттану ғылымының кандидаты.
1973 - 1983 жылдары - Алматы халық шаруашылығы институтының студенті. 1983-1985 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік сақтандыруда инженер-экономист болып жұмыс істеген. 1986 - 1989 жылдары Көкшетау қалалық атқару комитетінде инженер-экономист, экономист, аға экономист болып жұмыс істеген. 1991 - 1992 жылдары - Көкшетау қаласында шаруашылық есептік-экономикалық топ жетекшісі. 1992 - 2006 жылдары - «Тілектес» ЖШС-нің директоры, «АВЗ - 007» ЖШС-нің қаржылық директоры. 2006 - 2008 жылдары - «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Қаржы департаментінің басқарма бастығы. 2008 жылдан бастап «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы. 1998 - 2002 жылдары - Іскер әйелдер қауымдастығының Ақмола облыстық бөлімшесінің төрайымы (қоғамдық негізде). 2000 жылы АҚШ-да тағылымдамадан өткен. 2001 жылы АҚШ-да «SАBIT» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен. 2002 - 2006 жылдары - Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының төрайымы (қоғамдық негізде). 2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы.
2002 жылдан «Ақ жол» ҚДП-ның мүшесі. 2002 - 2005 жылдары «Ақжол» ҚДП-ның Ақмола облыстық бөлімшесінің төрайымы. 2012 жылдан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.
Меруерт Айтқажықызы Қазбекова
Последние статьи автора