Марат Сәметұлы Бисенғалиев

Марат Сәметұлы Бисенғалиев

Марат Сәметұлы Бисенғалиев 1962 жылы 15 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Скрипкашы және дирижер.
1969 жылы Күләш Байсейітова атындағы музыкалық училищенің скрипка класында оқыды. Училищені бітірген соң Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, ардақты Н.М.Патрушеваның класына қабылданды. Үшінші курста П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры Борис Владимирович Беленькийдің класына ауысты. Көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты. 1988 жылы Қазақстанға келіп «Алтын алма» атты жеке батыстық музыка ұжымдарымен тайталаса алатын камералық концерт құрды. Дирижер Құрманғазы атындағы консерваторияның профессоры Я.Фудиман, Р.Хисматуллин, Я.Мавриди, С.Бисенғалиева, М.Бекмағанбетов сынды өнерпаздарды шақырды. Бұл Мараттың өзі үлкен разылықпен есіне алатын оркестрді басқару тәжірбиесі еді. Бастама Мараттың Англияға кетуіне орай тоқтап қалды. 1990 жылдан Англияда тұрады. Осы уақыттан бастап, белсенді концерт берумен айналысады. 1990 жылы Англия корольдігінің оркестрімен үлкен концерт өтікізіп, оның скрипкашылық өнері таныла түсті. Сол жылы «Наксос» фирмасының менеджері байқап, осы фирмамен бірге жұмыс істеуге шартқа отыруды ұсынады. Осыдан кейін батыстың көптеген концерттік залдарының есігі айқара ашылып және әлемдік жетекші маңыздағы оркестрлерде өнер көрсетуіне мүмкіндік туды. Ол әлемнің ең үздік, әркімнің қолына түсе бермейтін «Карнеги Холл» және «Барбикен Холл», «Альберт Холл», «Гивен Хауз» залдарында өнерімен тамсандырды.
Марат Сәметұлының орындауындағы шығармалар жазылған үнтаспалар сатылымы молая түсті. Оның көптеген дискілері ағылшын журналы «Граммофонның» үздігі аталды. 1989 жылы Мәскеудегі «Мелодия» фирмасы да оның орындауындағы шығармаларды үнтаспалады. Оның репертуарына 80 скрипкалық концерті мен 1,5 сағаттық камералық музыкаға арналған бағдарламалары енді.
1996 жылы Нью-Йорктің Барбикан Холында Англияның камералық оркестрімен берген концерті оның халықаралық скрипка жұлдызы ретінде қалыптасуындағы шешуші кезең болды. Ірі әлемдік музыка жазбаларымен айналысатын компаниялармен тұрақты келісім шарт жасасады. Қазіргі кезде Марат Бисенғалиевті әлемнің танымал сыншылары мойындап отыр. Оны “Қазақстанның бейбітшілік елшісі” деп атайды.
Аса шебер өнерлі скрипкашыны 2005 жылы Англияда өткен концерті аяқталғанда үндістандық менеджер сахна сыртына көтеріліп, оған үлкен ұсыныс жасайды. Мақсаты – Марат Бисенғалиевтің тікелей көмегімен Үндістанда симфониялық оркестр құру. Бұл күндері Үндістанда сондай оркестр қанатын жая түсуде. Енді ол Францияның мәдениет министрлігінің сұранысымен Парижге қоныс аудармақшы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста