Марат Мұхамбетқазыұлы Тәжин
Марат Мұхамбетқазыұлы Тәжин 1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын және С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.
1992 жылға дейін ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысты.
1992 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетінің Аппаратында: Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі, ҚР Президенті Аппараты Басшысының орынбасары және Ақпараттық-талдау орталығының басшысы.
1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі.
1995-1999 жылдары Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Президент Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы.
1999-2001 жылдары Президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
2000 жылдан Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының төрағасы міндетін атқарды.
2001 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды.
2002 жылдан Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Президенттің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
2002 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары.
2006 жылдың сәуір айынан бастап Президенттің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
2007 жылы қантардың 11-інде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
2009 жылғы 4 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенттің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды.
2013 жылғы 16 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып қазмет атқарды.
2014 жылы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды