Мақсұт Әнуарбекұлы Нұриманов 1957 жылы 22 қыркүйекте Талдықорған облысы Алакөл ауданының Кеңес ауылында дүниеге келген. 1984 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша, 1985 жылы КСРО МҚК жоғары мектебін, 1987 жылы марксизм-ленинизм университетін тәмамдаған. Қауіпсіздік, қорғаныс және құқық тәртібі мәселелері академиясының, Дуниежузілік кешенді қауіпсіздік академиясының (2010) академигі, генерал-майор.
1975 жылдан - ОМ мұғалімі. 1976 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1978 жылдан - коменданттық бөлімше милиционері. 1984 жылдан - Орал облысы бойынша МҚКБ кіші жедел өкілі, жедел өкілі, аға жедел өкілі. 1988 жылдан - Қарағанды облысы бойынша МҚКБ-ҰҚКБ аға тергеушісі, аға жедел өкілі. 1993 жылдан - ҚР ҰҚК Экономикалық қауіпсіздік бас басқармасының аға жедел өкілі, бөлімше бастығы, бөлім бастығы. 1996 жылдан - ҚР ҰҚК «ТС» Басқармасы бастығының орынбасары, бастығы. 1997 жылдан - ҚР ҰҚК 2-департаменті Көлік және байланыс объектілеріндегі қарсы барлау басқармасының бастығы; ҚРҰҚК «ТС» Департаменті бастығының міндетін атқарушы. 1998 жылдан - ҚР ҰҚК 4-департаментінің (экономикалық қауіпсіздік) бастығы. 2001 жылдан 2010 жылдың сәуір айына дейін - ҚРҰҚК төрағасының орынбасары.
Кеңес Одағының батыры. II дәрежелі «Даңқ» (2005), Ю.В. Андропов (РФ, 2004), Ф.Э. Дзержинский (2006), Ұлы Петр (2007), маршал Жуков (2008) ордендерімен, 25 медальмен марапатталған ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері.
Мақсұт Әнуарбекұлы Нұриманов
Последние статьи автора