Майра Смайылқызы Ғұмарова 1961 жылы 27 сәуірде Атырау облысы Балықшы ауданының Дамба ауылында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған (1990), журналист.
1978 жылдан - Маңғышлақ облысы Ерәлиев кенті №7 ОМ аға пионер жетекшісі. 1980 жылдан - «Маңғыстау» облыстық газетінің корректоры (Форт-Шевченко қаласы). 1982 жылдан - Гурьев облысы Балықшы ауданының «Каспий арайы» газетінің корректоры. 1986 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті; Маңғышлақ облысы Қарақия ауданы «Түлеген түбек» газетінің бөлім меңгерушісі. 1995 жылдан - коммерциялық «Альбаз» телеарнасының журналисі (Жаңаөзен қаласы). 1997 жылдан Жаңаөзен қаласы қалалық коммуналдық шаруашылық кәсіпорынының инженері. 2000 жылдан - коммерциялық «МИК ТВ» телеарнасының журналисі (Жаңаөзен қаласы). 2001 жылдың қаңтарынан - Маңғыстау облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының маманы. 2001 жылдың шілдесінен - Маңғыстау облысы әкімі аппаратының бұқарамен байланыс бөлімінің бас маманы. 2002 жылдың шілдесінен - Маңғыстау облысы әкімі аппаратының бас маманы - баспасөз хатшысы. 2002 жылдың желтоқсанынан - Маңғыстау облысы әкімі аппараты ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы - баспасөз хатшысы. 2003 жылдан - Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, 2005 жылдан - жетекшісі. 2006-2012 жылдары - Маңғыстау облысы Мәдениет басқармасының бастығы, 2012 жылдан - Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы. Қазір Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі.
Майра Смайылқызы Ғұмарова
Последние статьи автора