Ким Серікбайұлы Серікбаев

Ким Серікбайұлы Серікбаев 1934 жылы 14 қаңтарда Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көптоғай ауылында дүниеге келген. 1952-1956 жылдары қазіргі ҚазМУ-де, Уфа әскери училищесінде оқыды. 1970 жылы Мәскеудегі әскери академияны бітірген. Әскери қайраткер, полковник, әскери ғылымның кандидаты (1974), профессор (2000).
1956-1966 жылдары Қиыр, Шығыс, Прикарпатье, Мәскеу, Орта Азия әскери округтерінде взвод, рота, батальон командирі, мотоатқыштар полкында штаб бастығы, полк командирі болды. 1970-1973 жылдары Мәскеудегі әскери академияда Кубадан, Моңғолиядан келген офицерлерге жалпы тактикадан сабақ берді. 1973-1975 жылдары Алматы жоғары әскери командалық училищесінде кафедра бастығы, 1975-1988 жылдары Алматы жоғары партия мектебінде кафедра бастығы, 1988-1991 жылдары Б.Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернаттың бастығы, 1992-1993 жылдары Мемлекеттік қорғаныс комитеті төрағасының кеңесшісі, ҚР Президенті аппараты мен Минстрлігі Кабинеті жанынан құрылған Қорғаныс бөлімінің жетекшісі, 1994-1996 жылдары Минстрлігі Кабинеті жанындағы мемлекеттік аттестация комитетінде арнаулы мәселелер жөніндегі бас сарапшы, 1996-1999 жылдары ҚР Парламентінің Мәжіліс аппаратында қорғаныс және қауіпсіздік мәселелер жөніндегі кеңесші қызметтерін атқарды. 2000 жылдан ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-ғылыми орталығында бас ғылыми қызметкер. Жоғары оқу орындарында ғылыми және педагогикалық жұмыстармен айналысты. Әскери ғылым саласындағы негізгі ғылыми-зертттеу бағыты — мемлекеттің әскери қауіпсіздігі, әскери құрылыс, әскери өнер мәселелері, жалпы тактика және оперативтік өнер. 180 ғылыми еңбектің, “Сыновний долг” (1978), “Быть патриотом” (1978), “На кафедре тактики” (1994), “Бауыржан Момышулы в моей жизни” (1995), “Доброму делу — долгая жизнь” (2002), “Военная безопасность страны: проблемы, перспективы” (2002), “Надежный страж Родины” (2005), “Обретенной независимости — надежную защиту” (2005), “Батыр ағаның шапағаты” (2005) атты кітаптар жазған. 3-дәрежелі “КСРО Қарулы күштерінде Отанға қызмет еткені үшін” орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста