Кеңес Хамитұлы Рақышев 1979 жылы 14 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік академиясын, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы ҚР ІІМ жанындағы жол қозғалысы қауіпсіздігі қорында кеңесші болып бастады. 2000 жылы "БанкТұранӘлем" ААҚ оқу орталығының маманы. 2000-2002 жылдары - «Intergas Central Asia» ЖАҚ материалдық-техникалық жабдықтау департаменті маркетинг бөлімінің бастығы. 2002 жылы - "ҚазТрансГаз" ЖАҚ Сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының бастығы. 2003 жылғы қаңтар-қазан айларында - "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" ЖШС бас директорының экспорт жөніндегі бірінші орынбасары. 2003 жылғы қазаннан 2004 жылғы қыркүйекке дейін - "ҚазМұнайГаз" АҚ бас директорының маркетинг жөніндегі орынбасары. 2004-2005 жылдары - "Меркурий" ЖШС-ның бас директоры. 2005 жылы - ҚР Сауда-Өнеркәсіп палатасы одағының вице-президенті. 2006 жылы - «SAT&Company» директорлар кеңесінің төрағасы. 2007 жылы - «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 2007 жылғы қыркүйектен бастап «SAT&Company» АҚ басқармасының төрағасы.
Кеңес Хамитұлы Рақышев
Последние статьи автора