Кеңес Мәсімханұлы Бейсебаев
Кеңес Мәсімханұлы Бейсебаев 1938 жылы 9 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. РКФСР Қоғамдық тәртіпті қорғау министрлігі Жоғары мектебінің Алматы бөлімшесін, Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген. Заң ғылымының кандидаты, профессор, Халықаралық ақпараттану академиясының академигі.
1971-1985 жылдары КСРО Ішкі істер министрлігі Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының адъюнкты, кіші және аға ғылыми қызметкері, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 1985-1993 жылдары - КСРО Ішкі істер министрлігі Қарағанды Жоғары мектебінің аға оқытушысы, мектеп бастығының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, Қарағанды Жоғары мектебінің кафедра бастығы, факультет бастығы. 1993-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай заң колледжінің бастығы. 1996-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе заң колледжінің бастығы, Қазақ гуманитарлық заң академиясы Батыс Қазақстан заң институтының директоры қызметін атқарды.
«Қызыл Ту» орденімен, медальдармен марапатталған.