Ғазизбек Тәшімбай
Ғазизбек Тәшімбай 1938 жылы 10 сәуірде Жамбыл облысының Талас ауданында дүниеге келген. Жазушы, Қазақстанның құрметті журналисі. Қазақ мемлекеттік университетін үздік дипломмен бітірген. 1964-1984 жылдары - Республикалық «Спорт» газетінің әдеби қызметкері, «Қазақстан» баспасының редакторы, аға редакторы, редакция меңгерушісі. Ғылыми-техникалық әдебиеттер бас редакциясы бас редакторының орынбасары, 1985-1996 жылдары - Қазақстан телеграф агенттігінің редакция меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының консультанты, Үкімет аппаратының сектор меңгерушісі. 1996-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің аударма бөлімін басқарған. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы Ғылыми және әдеби бақылау редакциясының меңгерушісі болып істеген. «Оңтүстік Қазақстан» энциклопедиясын шығарушы топқа жетекшілік етіп, басылымның жауапты редакторы болған. Алматы қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының «ТІЛ» оқу-әдістемелік орталығында бас маман, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Баспа және редакциялау бөлімінің бастығы қызметін атқарған.
Жазушының «Топжарғандар», Қ.Мұңайтпасұлы туралы «Күш атасы», «Қазақтың Қажымұқаны» атты естеліктер жинағы, «Құм арасында», «Қос терек», «Қызғалдақ қалың шыққан жыл» атты әңгімелер жинақтары жарық көрген. Белгілі баспагер Мұқан Мамажановтың мұрасын жинастырып, «Еңбек еттім ел үшін» деген жинақ шығарды. Көркем аударма саласында «Молодая гвардия» баспасынан «Тамаша адамдар өмірі» циклімен шыққан «Сальвадор Альенде», «Че Гевара» кітаптарын, Кеңес Одағының Батыры Г.Сафиуллиннің, ноғай жазушысы Иса Қапаевтың повесть, әңгімелерін, чех ғарышкері В.Ремектің «Над нами планета земля» («Жанарымда жұмыр жер») кітабын қазақ тіліне аударған.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу