Ғазиз Сырбайұлы Мәуленов 1958 жылы 3 наурызда Алматы қаласында дүниеге келді. Заң ғылымының докторы, профессор, әділет полковнигі.
КСРО Ішкі істер министрлігі Қарағанды жоғары мектебін бітірген. 1983-1993 жылдары - Қарағанды жоғары мектебінің, Алматы арнайы орта милиция мектебінің оқытушысы, доценті. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің аға консультанты. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Жетекші басқармасының бастығы. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің Кадрларды дайындау басқармасы бастығының орынбасары. 1997-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының кафедра бастығы, Академия бастығының орынбасары. 2000-2000-2001 жылдары - Қазақ мемлекеттік заң академиясы ректорының кеңесшісі. 2001-2003 жылдары Қазақ мемлекеттік заң университетінің факультет деканы, кафедра меңгерушісі болған. 2003 жыдан бастап Қазақ мемлекеттік заң университетінің Сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмысқарсы күрес мәселесін оқыту орталығының директоры.