Ғалым Мәдешұлы Бекмағамбетов 1955 жылы 5 қарашада бұрынғы Жезқазған облысы Ағадыр ауданында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін «орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Алғашқы еңбек жолын 1977 жылы Целиноград педагогикалық институтында оқытушысы болып бастаған. Комсомол және партия органдарының әр түрлі басшы қызметтерінде жұмыс атқарды. Көкшетау қалалық атқару комитетінде, Көкшетау облысы әкімінің аппаратында жауапты қызметтерде болды. 1997 жылдың маусым айында Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2003 жылдың қыркүйек айынан - 2009 жылдың желтоқсанына дейін Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің проректоры, кейін ректордың стратегиялық даму мәселелері бойынша кеңесшісі болып қызмет атқарды. 2014 жылдың тамыз айында «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. 1999 жылдың наурыз айынан «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Ғалым Мәдешұлы Бекмағамбетов
Последние статьи автора