Ғаділбек Шалахметов Мінәжұлы

Ғаділбек Шалахметов Мінәжұлы 1943 жылы 9 маусымда Астрахань облысы, Камызяк ауданының Чистая Банка аралында дүниеге келген. 1961-1966 жылдары Қазақ политехникалық институтының металлургия факультетінің студенті 1974-1976 жылдары Сценарист пен режиссер мамандығы бойынша жоғары курстарын тәмамдаған.
Кеңестік, қазақстандық публицист, 300-ден астам ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы, сценарист. Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдар академиясының академигі . 2009 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі.
Еңбек жолын Қазақстан ғылым академиясының Металлургия және байыту институтында жұмысшы, аппаратшы болып бастады. Институтты тамамдағаннан кейін ӨКМК-нда балқытушы болды.
1967 жылдан 1974 жылға дейін Қазақ теледидары бағдарламаларының редакторы, бас редакторы. 1975 жылы КСРО Мемлекеттік киносына қарасты сценарий жазушылар мен режиссерларға арналған Жоғары курстарын бітірген, инженер-металлург, кинодраматург, «Элита» әлем халықтары академиясының академигі, Ресей Жаратылыстану гылым академиясының академигі, Халықаралық теледидар және радио академиясының академигі.
ҚКСР Мемлекеттік телерадио бөлімінің меңгерушісі, 1982 жылға дейін Қазақ теледидарының насихаттаушы бас редакторы, комментаторы, бөлім меңгерушісі. 1982 жылдан 1983 жылға дейін ҚКСР Мемлекеттік киносының бас редакторы, 1983 жылдан 1986 жылға дейін ҚКСР Мемлекеттік телерадио комитеті төрағасының орынбасары. 1986 жылдан 1990 жылға дейін ҚКСР Теледидар және радиотаралым жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы. 1991-1992 жылдары Қазақ КСР Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары министрінің бірінші орынбасары – Қазақ мемлекеттік телерадиохабар тарату компаниясының Төрағасы. 1991-1992 жылдары ҚКСР Президентінің баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасы баспа ісі және жаппай ақпарат тарату министрінің бірінші орынбасары. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз-хатшысы қызметінің жетекшісі кызметтерін атқарады. Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының негізін қалаушы. 1993 жылдың қаңтарынан 2002 жылдың мамырына дейін «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының президенті. 1996 жылдан бастап Әлем халықтарының Бүкіләлемдік клубының академигі. 2002 жылдың мамырынан қазанына дейін - «Мир» МАТРК вице-президенті. 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі. 2002-2004 жылдары «Қазинформ» қазақ ақпараттық агенттігінің Президенті. 2007 – 2009 жылдары «Самрұқ» АҚ Президентінің кеңесшісі. 2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты. Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының (ҚазҰЖҒА) академигі. 2001 жылдан бастап Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының (РЖҒА) академигі (РАЕН). Мемлекеттік сыйлықтармен марапатталған. 2009 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі.
"Құрмет" ордені, "Қазақстан Республикасы Парламентіне - 10 жыл" медалі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағы.
Пушкина медалі, «Мәскеуге - 850 жыл» медалі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста