Есенгелді Мұстафетов
Есенгелді Мұстафетов 1943 жылы 9 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Тәжік мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Генерал-майор, заң ғылымдарының докторы, профессор. Еңбек жолың Тәжік ССР МҚК – мемлекеттік қауіпсіздік комитеті – (КГБ) кіші оперөкілеттігінен бастап, КСРО МҚК инспекторлық басқармасы бастығының орынбасары қызметіне дейін көтерілген.
ҚазССР орталық аппаратының бөлім бастығы, Шығыс Қазақстан облыстық МҚК басқармасында бастықтың орынбасары, Шымкент облыстық МҚК басқармасының бастығы қызметін атқарып, Атырау облыстық МҚК басқармасын басқарды.
1991 жылы Мәскеуде КСРО МҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1991 жылдың соңында КСРО МҚК-нің таратылатыны және оның Ресей заң құзыретіне өтетіндігі туралы жарлық шықаннан кейін елге қайтып тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органдарында қызметің жалғастырды.
1992 жылы Шымкентте кепілге алынғандарды азат ету операциясын табыспен басқарған.