Ерұлан Мұсаханұлы Қанапиянов
Ерұлан Мұсаханұлы Қанапиянов 1958 жылы 15 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында дүниеге келген. Композитор, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі.
Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген соң оқытушылық және қоғамдық жұмыстармен айналысқан. 1990 жылдың басынан кәсіпкерлікпен шұғылданып, «Жиһаз» ашық акционерлік қоғамының президенті, «Алтын-Тас» директоры болып жұмыс істеген. Н.Құлсариевпен бірлесіп, Арал экологиясы тақырыбына арналған «Тақыр» рок-операбалетін құрған. 2001 жылы «Река времен» деп аталатын авторлық музыкалық альбомы жарық көрген. Альбомға эстрадалық оркестрде ойналатын 9 музыкалық пьесасынан басқа «Арсенал» ансамблі орындайтын шығармалары енген. Қазір «Қазақстан - Австралия» қауымдастығының және «Алтын-Адам» қорының президенті, «Приз традиций» Халықаралық Фестивалінің бас директоры қызметтерін атқарады.