Ермек Қуандықұлы Серікбаев 1958 жылы 9 ақпанда Қызылжар қаласында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік Университетін тәмамдаған. Жалпы еңбек өтілі 31 жыл, оның ішінде заңгерлік мамандығы бойынша 28 жыл. Заң ғылымының кандидаты. Ақмола облыстық сотының алқа төрағасы, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы және Павлодар облыстық сотының төрағасы қызметтерін атқарған. 2010 жылғы 26 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президенті № 929 Жарлығымен Қарағанды облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.
Ермек Қуандықұлы Серікбаев
Последние статьи автора