Еркін Адасбаев 1966 жылы 21 ақпанда Алматы облысы. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген (1989). Экономика ғылымдарының кандидаты. 1989-1990 жылдары – ҚазКСР жеңіл өнеркəсібі Министрлігінде инженер-экономист. 1990-1992 жылдары – Алматы қаласының аға салық инспекторы. 1992-1994 жылдары – «Алатау» ӨТФ бас бухгалтері. 1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті аппаратының референті, аға референті. 1995-1997 жылдары – Қазақстан Республикасының мұнай жəне газ өнеркəсібі Министрлігі қаржы-экономикалық басқармасының бастығы. 1997-1998 жылдары – Қазақстан Республикасы экономика жəне сауда Министрлігінде департамент директоры, вице-министр. 1998-2001 жылдары – экономика Комитетінің Алматы облысы бойынша төрағасы. 2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы экономика жəне сауда Министрлігінің вице-министрі. 2002 жылы – Қазақстан Республикасы экономика жəне сауда Министрлігі демпингіге қарсы бақылау жөніндегі Комитетінің төрағасы. 2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы индустрия жəне сауда Министрлігі сауда Комитетінің төрағасы. 2003-2004 жылдары – «Қазақстан келісім-шарт агентствосы» АҚ вице-президенті. 2004 жылы – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрамы дамуының Бірыңғай орталығының директоры. 2005 жылдан – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ əлеуметтік даму департаментінің директоры. Қазіргі таңда «Каспий мұнай ТМЕ» АҚ-ы бірінші вице-президенті.
Еркін Адасбаев
Последние статьи автора