Ерік Хамзаұлы Сұлтанов 1956 жылы 24 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында дүниеге келді. Қарағанды политехникалық институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген.
1978-1993 жылдары «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында қызмет атқарған. 1993-1994 жылдары - Екібастұз қалалық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігі жанындағы еңбек қорғау департаментінің төрағасы. 1995-1996 жылдары - «Екібастұзшахтақұрылыс» өндірістік бірлестігіінің президенті. 1996-1998 жылдары - мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Павлодар аумақтық комитетінің төрағасы. 1998-1999 жылдары - Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары департаментінің директоры. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары департаментінің сыртқы займдар жөніндегі консультанттарының бас үйлестірушісі. 2001-2002 жылдары - «Қазақавтожол» РМК бас директорының бірінші орынбасары. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфроқұрылымдық кешендер құрылысы комитетінің төрағасы. 2004-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялр министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы. 2005-2006 жылдары - «Қазақ жолқұрылысы» ЖШС-нің бас директоры. 2006-2008 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап -«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 13 шақырылымының депутаты болған. «Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.