Ерғали Нүсіпұлы Нүсіпов

Ерғали Нүсіпұлы Нүсіпов 1941 жылы 12 шілдеде Алматы облысы Райымбек ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Қазақ политехникалық институтының геологиялық-барлау факультетін бітірген, тау-кен инженер-геофизигі. Ленинград тау-кен институтының аспирантурасында оқыған, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, профессор. 1965 жылдан бастап Қызылорда гидрогеологиялық экспедициясының инженер-геофизигі, аға геофизигі, партия бөлімі бастығы, 1967 жылдан бастап Қазақ политехникалык институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, геофизика кафедрасы меңгерушісі болып еңбек етті. 1975-1976 жылдары Қазақ политехникалық институты Рудный филиалы директорынын орынбасары. 1984-1992 жылдары геологиялық-барлау факултетінің деканы. 1992-1997 жылдары Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры қызметтерін атқарады. 1993 жылы «Геология мен геофизиканын казіргі проблемалары» ғылыми орталығын ашады. 1997-2000 жылдары «Казнедра» Ұлттық өнеркәсіп бірлестігінің бас директоры, Қазақ минералдық шикізаттар институтының директоры. «Қазақстан геоэкологиясы», «Қазақстан алмастары», «Қазақстанның Каспий өңірі геодинамикалық мониторингі» мемлекеттік және салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. «Мұнай-газ кенорындарының геодинамикалық мониторингі Тұжырымдамасы мен Регламентінің» авторы. Е. Нүсіпов Қазақстан Геофизиктер қоғамының негізін салушы, құрушы және 1998 жылдан президенті, Халықаралық геофизиктер-мұнайшылар қауымдастығының мүшесі, «Геология и разведка», «ҚазҰТУ хабаршысы» журналдарының редакциялық алқасының мүшесі. Халықаралық минералдық ресурстар академиясының, Қазақ шығармашылык академиясының академигі, Халықаралық жоғары мектеп жэне ғылым академиясынын корреспондент-мүшесі. 2000-2001 жылдары Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры, ал 2002 жылдан бері Сейсмология институтының директоры.
«Құрмет» орденімен, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғары Кеңесі Грамотасымен марапатталған, «Қазақстан Республикасы жер қойнауының құрметті барлаушысы», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері».

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста