Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов

Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов 1947 жылғы 1 мамырда Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қызыл Ту ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 1990 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының докторы (2001).
80-нен астам ғылыми мақала мен еңбектің, оның ішінде «Адами даму концепциясының негізіндегі аймақтың еңбек әлеуетін стратегиялық жоспарлау» басылымының, «Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару» оқулығының авторы.
1965 жылдан - Ойыл МПТУ-196 дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, Темір индустриялық-педагогикалық техникумының студенті, оқытушысы. 1969 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1971 жылдан - Ақтөбе қаласының КТУ-100 оқытушысы, өндірістік оқыту шебері. 1974 жылдан - Ақтөбе қаласының ҚКТУ-107 директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. 1977 жылдан - Ақтөбе облыстық кәсіби-техникалық білім беру басқармасы бастығының орынбасары. 1980 жылдан - Ақтөбе облыстық партия комитетінің нұсқаушысы. 1985 жылдан - Ақтөбе облыстық кәсіби-техникалық білім беру басқармасының бастығы. 1988 жылдан - Ақтөбе облыстық партия комитетінің идеология бөлімінің меңгерушісі. 1990 жылдан - Ақтөбе облыстық халыққа білім беру басқармасының бастығы. 1992 жылдан - ҚР білім министрінің орынбасары. 1995 жылдан - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 1996 жылдан - Ақтөбе қаласының әкімі. 2002 жылдан - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Заң шығару және құқықтық реформа жөніндегі комитеттің мүшесі. 2004-2011 жылдары - Ақтөбе облысының әкімі.
Жоғарғы Кеңесінің 13-ші шақырылым депутаттығына кандидат. 2012 жылдан бастап Ақтөбе облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі.
«Құрмет» (2001), II дәрежелі «Барыс» ордендерімен, II дәрежелі әулие Сергей Радонежский орденімен; медальдармен, оның ішінде «Ерен еңбегі үшін» (РФ); «КСРО кәсіби техникалық білім беруді дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының «Ана тілі» құрмет белгілерімен марапатталған. ҚР Құрметті спорт қайраткері. Жыл әкімі (2006, 2009). Қазақстан Құрметті жол салушысы. Бокстан КСРО спорт шебері, 1985-2005 жылдары Ақтөбе облысы Бокс федерациясының президенті болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста