Досмахамбет (Дос) Қалмаханұлы Көшім

 Досмахамбет (Дос) Қалмаханұлы Көшім 1955 жылы 21 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 1981 жылы С.М.Киров атындағы Қазақтың Мемлекеттік Университін бітірген. Мамандығы – филолог.
Республикада алғаш рет 1988 жылы «Ана тілі» қоғамын құрушының бірі. 1990 жылы Қазақ еліндегі ең алғашқы саяси партия - Қазақ Социал-Демократиялық партиясын ұйымдастырушылардың бірі және сол партияның алғашқыда тең төрағасы, кейін төрағасы қызметін атқарды (1990-1994). 1991 жылы Азаматтық «Азат» қозғалысы төрағасының орынбасары, Кеңес Одағының Демократиялық Конгресінің тең төрағаларының бірі болып сайланады. 1996 жылы «Демократияны қазақ тілінде оқытып үйрету және тарату» Орталығын құрады. 1998 жылы республикалық «Әділ сайлау жолында» қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі ретінде жауапқа тартылады. 1999-2005 жылдардың аралығында «Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесі» қоғамдық бірлестігін құрушы және сол ұйымның президенті қызметін атқарады. 2005 жылы ұлтшылдардың республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі және бүгінге дейін сол бірлестіктің төрағасы.
1994 жылы демократияға сіңірген еңбегі үшін АҚШ-тың «Техас штатының Құрметті азаматы» атағы беріледі, 2006 жылы «Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткері» атағымен, ал 2008 жылы Тіл комитетінің «Қазақ тілінің жанашыры» төсбелгісімен марапатталған.
Кеңес Одағындағы, Алматы қаласындағы жиындар мен шерулерді ұйымдастыруға араласқан. 1992 жылы Алматыдағы ашаршылықты еске түсіру жиынын, 1992 жылы «Азат» қозғалысы ұйымдастырған 6 күндік пикетті ұйымдастырушылардың бірі. 2002 жылы Өзбекстанға қазақ жерін бермеу үшін ұйымдастырылған «Бағыс» митингісіне қатысушы. «Шаңыраққа тірек» қоғамдық комитеттің төрағасы, Шаңырақ оқиғасына қатысушы 25 азаматты қорғаушылардың бірі, т.б. Демократиялық, ұлттық бағытта АҚШ, Германия, Түркия, Филиппин, Польша, Израиль, т.б. елдердегі жиындар мен конференцияларда қазақ елінің саяси-қоғамдық жағдайы туралы баяндамалар жасады.
Ағарту бағытында республикалық, облыстық БАҚ-тарда тұрақты түрде мақалалар жазады, теледидар мен радиода ұлттық бағыттағы насихат жұмыстарын жүргізеді. Демократияның принциптерін түсіндіру бағытында қазақ тілінде алты кітап, кітапша жазып шығарған. («Демократия негіздеріне кіріспе», «90-жылдардың қара сөздері», «Қазақстандағы демократия мен саясат туралы 100 сұраққа 100 жауап», «Жергілікті өзін-өзі басқару - азаматтық қоғамның алғашқы баспалдағы», «Азматтардың мақсатқа жету жолында қолданатын әдістері мен тәсілдері», «Қазақтарды қалай көтеруге болады?»)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста