Досай Тұрсынбайұлы Кенжетай 1968 жылы 21 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы Төрткөл ауылында дүниеге келді. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи Университетін философ-дінтанушы және араб тілі мұғалімі мамандығы бойынша тамамдады. Түркия Республикасында Анкара Университеті Әлеуметтік Ғылымдар Институты магистратурасында оқып және докторантурасында ислам философиясы докторы ғылыми атағын алды.
Аудармалары: «Ясауи жолы», «Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Ясауи «Мират-ул Қулуб», «Қожа Ахмет Ясауи жолы және Хикметтер», «Сындарлы он жыл».
Кітаптары: «Қожа Ахмет Ясауидың моральдық философиясы», «Қожа Ахмет Ясауи және оның ойлау жүйесі», «Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы», «Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымындағы адам мәселесі (Монография). Қолжазба құқында», «Дәстүрлі түркілік дүниетаным. Оқулық» кітаптарының авторы.
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры.
Досай Тұрсынбайұлы Кенжетай
Последние статьи автора