Дәурен Мейрамұлы Пшембаев 1981 жылы 30 тамызда дүниеге келген. Грац қаласының (Австрия) Карл Франсенс атындағы университетінде 1988-2000 жылдары неміс тілінен дәріс алды. 2005 жылы Карл Франсенс атындағы Мемлекеттік университетінде құқық факультетінің бакалавр дипломын алды. 2008 жылы Карл Франсенс атындағы Мемлекеттік университетінің құқық мамандығы бойынша «ДСҰ аясындағы дау-жанжалды шешу» мамандығының магистр дәрежесін алды.
2008 жылдың қараша айынан «Зерде» «Ұлттық коммуникациялық ақпарат холдингі» АҚ-да Жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директор, Бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды. 2010 жылдың мамырынан 2011 жылдың қарашасына дейін «Қазақтелеком» АҚ-ның Корпоративті дамыту жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарды.
2011 жылдың 11 қарашасынан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының 2011 жылдың 8 қарашадағы шешімі негізінде «Транстелеком» АҚ-ның Басқарма төрағасы (Президенті) міндетін орындаушы қызметіне кірісті. 2013 жылдың 26 қарашасынан «Транстелеком» АҚ-ның Директорлар кеңесінің шешімімен «Транстелеком» АҚ-ның Бірінші Вице-президенті болып тағайындалды.
Дәурен Мейрамұлы Пшембаев
Последние статьи автора