Дәурен Берікқажыұлы 1974 жылы 15 мамырда Семей облысы, Мақаншы ауданы, Қарабұта ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінің (қазіргі Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) түлегі. 1996–1999 жылдары орта мектепте, 1999–2002 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-да ағылшын тілінен дәріс берді. Қазір «Қазақстан» телерадио компаниясының аударма және дубляж бөлімінде қызмет етеді.
Өлеңдері 1994 жылдан бастап республикалық газет-журналдарда жарияланып келеді. Шығармалары 2000 жылы жарық көрген «Сборник. Избранное» («Қазақ университеті»), «Жас ақындар жырларының антологиясы» («Өлке») жинақтарына енген. 1996 жылы жарық көрген «Оттегім менің, от демім менің – жырларым» («Жазушы») және 2001 жылы «Отырар кітапханасы» сериясымен шыққан «Ante merіdіem» жыр жинақтарының авторы. 2008 жылы «Гүл мен қылыш жырлары» атты жинағы жарық көрген.
Дәурен Берікқажыұлы
Последние статьи автора