Данияр Сүйіншілікұлы Тиесов
Данияр Сүйіншілікұлы Тиесов 1970 жылы 6 желтоқсанда Целиноград (қазіргі Астана) қаласында дүниеге келген. Атырау мұнай және газ институты, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
1994-1996 жылдары - «Манас» кіші кәсіпорнының менеджері. 1996-1998 жылдары - «Бата» ЖШС-нің менеджері. 1998-1999 жылдары - «Абыз» ЖШС-нің атқарушы директоры, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ААҚ Вице-президентінің бірінші көмекшісі, Директорлар кеңесінің хатшысы. 1999-2002 жылдары - «Қазақойл» Ұлттық мұнай компаниясы» Атырау мұнай өңдеу зауыты Басқару департаментінің сектор меңгерушісі, бас маманы, бас менеджері, бас менеджерінің орынбасары. 2002-2003 жылдары - «ҚазМұнайГаз»ҰК» ЖАҚ Мұнай-химия дамыту департаменті директорының орынбасары. 2003-2004 жылдары - «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС салынып жатқан кәсіпорын Дирекциясының қаржылық директоры, директоры. 2004-2006 жылдары - «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС күрделі құрылыс басқармасының бастығы. 2006-2009 жылдары - «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ бас директоры орынбасары. 2012-2013 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы бойынша орынбасары. 2013 жылғы тамыздан бастап - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның өңдеу және маркетинг жөніндегі Бас директоры.
«ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетинг», «KPI» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы және «Ромпетрол» Директорлар кеңесінің мүшесі.
«ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының Құрмет белгісімен және құрмет грамотасымен марапатталған.