Данияр Рүстемұлы Әбілғазин 1969 жылы 13 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1991 жылы «Әскери радиобайланыс инженері» мамандығын алған. 2003 жылы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген, инженер-экономист.
1992 жылдан «ФМС ЛТД» компаниясы Бас директорының орынбасары. 1994 жылдан 1-ші Қазақстандық зейнетақы қоры Басқармасының Төрағасы. 1995 жылдан ҚР Қаржы министрлігі ҚҚ және қаржы нарығын реттеу басқармасының бас экономисі, басқарма бастығы, Қазынашылықтың кассалық қаражат және мемлекеттік қарыз басқармасының бастығы, Қазынашылқ департаменті директорының орынбасары, Бюджет департаментінің директоры, ҚР Қаржы вице-министрі, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы. 2000 жылдан «Қазақойл» ҰМК вице-президенті, аппарат жетекшісі. 2002 жылдан - «Каспий Өнеркәсіп-Қаржылық Тобы» ЖШС Бас директорының орынбасары. 2004 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарушы директоры, Президентінің көмекшісі. 2007 жылдан - «Каспий Өнеркәсіп-Қаржылық Тобы» ЖШС Бас директоры. 2008 жылдан - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасының көмекшісі. 2010 жылдың 17 маусымнан бастап «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Басқарушы директоры.
Данияр Рүстемұлы Әбілғазин
Последние статьи автора