Данияр Рахманұлы Әшімбаев 1976 жылы 15 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. 1996 жылы Алматыдағы жекеменшік «Тұран» университетін бітірген. Саясаттанушы.
Еңбек жолын Қазақстан Ғылым Академиясының ғылыми кітапханасында кітапхана қызметкері болып бастаған. 1994 жылы «Кто есть кто в Казахстане» атты ақпараттық-баспа жобасының негізін қалап, жыл сайын жаңартылып, басылып шығатын Қазақстан биографиялық энциклопедиясының бас редакторы қызметін де атқарып келеді. Жобаның «Кімнің кім екені» атты қазақша нұсқасы да бар. Ол жинақтарда негізінен еліміздегі әр салада аса танымал тұлғалардың еңбек өтілі мен өмірбаяны жазылып, топтастырылған.
Даниярдың әр жылдарда саяси-әлеуметтік тақыптарда жазған әр мақаласы қоғамда қызу талқыға салынып, пікірталас тудыруда. Ол сондай-ақ, «Репутация» коммуникациялық технология орталығының да негізін қалаушылардың бірі.
2009 жылы Қазақстан журналистер одағының лауреаты атанды.