Дамир Қасымбекұлы Халықов 1958 жылы 31 тамызда Қостанай қаласында дүниеге келген. Әскери қайраткер, генерал-майор. 1973 жылы Жаркент орта мектебін, 1975 жылы Суворов әскери училищесін (Свердлов қаласында), 1979 жылы Челябинск жоғары танк училищесін, 1988 жылы Мәскеудегі Малиновский атындағы академияны тәмамдаған.
1983-1985 жылдары Ауғанстанда Орта Азия әскери округінің әскери бөлімінде рота командирі, штаб бастығы, 1988-1991 жылдары ГДР-дағы (Шығыс Германия) КА әскери бөлімінде танк батальоны командирі, 1991-1992 жылдары Солтүстік Кавказ әскери округінде полк командирінің орынбасары, 1992-1994 жылдары ҚР ҚК әскери бөлімінің (Отар) полк командирі, 1994-1997 жылдары осы бөлімде оқу орталығы бастығының орынбасары, әскери дайындық бөлімінің бастығы, 1997-1999 жылдары ҚР ҚМ әскери дайындық департаментінің, бас штабының бастығы, 1999-2002 жылдары ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, Оңтүстік әскери округ (Тараз) қолбасшысының орынбасары болды. 2002 жылдан ҚР ҚМ жаяу әскерлер қолбасшысы. 2003 жылы ҚР қарулы күштерінің құрлық әскері Басқолбасшысының орынбасары. 2003-2004 жылдары Басштаб академиясының тыңдаушысы. 2004 жылы ҚР қорғаныс министрлігінің бас әскери инспекциясының генерал-инспекторы. 2004 жылы ҚР қарулы күштерінің құрлық әскері Басқолбасшысының бірінші орынбасары. 2005-2011 жылдары Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы. 2011 жылдан бастап ҚР Төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі болды.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Қызыл Жұлдыз» орденімен және бірнеше медальмен марапатталған.