Боран Ғизатұлы Рахымбеков

Боран Ғизатұлы Рахымбеков 1961 жылы 21 ақпанда Қарағанды облысы Нұра ауданда дүниеге келді. Целиноград ауылшаруашылық институтын, Ебней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты, аға әділет кеңесшісі, полиция подполковнигі.
Еңбек жолын кеңшарда диспетчер, экономист, аға экономист болып бастаған. 1986-1989 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Нұра аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1989-1991 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комсомол комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы. 1991-1995 жылдары - Қарағанды облыстық Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы, Молодежный аудандық әкішілігі басшысының орынбасары. 1995-1996 жылдары - кеңшардың кеңесші-заңгері. 1996-1997 жылдары - Қарағанды облыстық табиғатты қорғау прокурорының аға көмекшісі. 1997-1999 жылдары - Қарағанды облысы Әділет басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы қаржылай-материалдық қамтамасыз ету департаментінің директоры. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі. 2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы құқық статистикасы және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау жұмыстары және кадр саясаты басқармасы ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі кадрлық жұмыстар департаментінің бастығы. 2007-2008 жылдары - «Hұp Отан» ХДП Орталық аппаратының хатшысы, аппарат жетекшісінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап «Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитетінің төрағасы;
2009 жылдың мамыр айынан - «Hұp Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі, желтоқсан айынан - «Ертіс «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі, «Hұp Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Бірнеше медальмен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста