Болатбек Баянұлы Қуандықов 1969 жылы 14 ақпанда Қызылорда облысы Қармақшы ауданы «III Интернационал» ұжымшарында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының экономикалық жоспарлау факультетін бітірген (1994 ж.), экономист.
Экономика ғылымдарының кандидаты (2004 ж.). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Аймақтық агроөнеркәсіп өндірісін дамытуды басқару». «Агроөнеркәсіптік өндірісін дамытуды басқару» монографиясының авторы.
1986-1987 жылдары - ҚЖБ ағаш шебері. 1992 жылдан «Адам-Ата» АҚ, «Лидер» кооперативтік бірлестігінде бухгалтер-ревизор. 1993 жылдан - ҚР Ұлттық банкінің Қызылорда облыстық басқармасының экономисі, аға экономисі, бөлім бастығы, басқарма бастығы. 1996 жылдан - ҚР Ұлттық банкі Қызылорда облыстық басқармасының бастығы. 1999 жылдан - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, 2000 жылдан - бірінші орынбасары. 2004 жылдың ақпан айынан - ҚР Бюджеттік жоспарлау және экономика департаментінің директоры. 2004 жылдың қараша айынан - ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі. 2008 жылдың наурыз айынан - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2008 жылдың мамыр айынан - Қызылорда облысының әкімі. 2013 жылы - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы; 2014 жылдың қаңтар айынан бастап - ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
Болатбек Баянұлы Қуандықов
Последние статьи автора