Болат Мәжитұлы Мұқанов 1947 жылы 11 қазанда дүниеге келген. 1972 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. 1974-1977 жылдары Щучинск қаласындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорациясы ғылыми-зерттеу институтында аспирант болған. Ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (2003), Қазақстан Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі (2006).
Еңбек жолын қаласындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорациясы ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер болып бастап, директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары, директоры болды. 2002 жылы Орман шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры қызметтерін атқарған. Мұқанов Қазақстанның агроорман мелиорациясы саласындағы жетекші ғалымдарының бірі. 70-тен аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның, 1 оқулықтың, 1 жинақтың авторы. Қазақстан Республикасының мақтау қағазымен, А.В.Альбенский атындағы медальмен марапатталған.
Болат Мәжитұлы Мұқанов
Последние статьи автора