Болат Бидахметұлы Жәмішев

Болат Бидахметұлы Жәмішев 1957 жылы 28 маусымда Талдықорған облысы Гвардия ауданының Алтын Емел селосында дүниеге келген. 1981 жылы Қазақ Ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған, 1987 жылы Қазақ экономика және АӨК ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1974 жылы АШЭМ Қазақ ғылыми-зерттеу институтында аға лаборант болып бастады. Институтты бітіргеннен кейін 1981-1984 жылдар аралығында «Балтабай» кеңшарының экономисі болып қызмет атқарды. 1987-1992 жылдар аралығында Қазақ экономика және АӨК ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, ғылыми хатшы лауазымдарында қызмет атқарды. 1992-1993 жылдар аралығында Қазақстан кәсіпкерлер конгресі атқарушы комитеті төрағасының орынбасары. Мемлекеттік қызметті 1993 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Зерттеулер және статистика департаменті директорының орынбасары лауазымында бастады. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігі директоры етіп тағайындалды. 1997-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 1999-2001 жылдары, сондай-ақ 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі және бірінші қаржы вице-министрі болып жұмыс істеді. 2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі. 2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары. 2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы. 2006-2007 жылдары – Еуразия Даму Банкінің басқарма төрағасының орынбасары – Жобалау қызметі жөніндегі басқарушы директор.
2007-2013 жылдары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі. 2013 жылғы 6 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі.
Арнайы және мерзімді басылымдарда экономикалық мәселелер жөніндегі ғылыми жарияланымдары жарық көрді. «Коньки тебушілердің Ұлттық Федерациясы» РҚБ құрметті президенті. 2005 жылы - «Құрмет» орденімен, 2011 жылы - «Парасат» орденімен, мерейтойлық медальдармен, 2011 жылы «Қаржы қызметінің үздігі» ҚР Қаржы министрлігінің төсбелгісімен марапатталды. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста