Болат Ажақайұлы Сембин 1944 жылы 12 наурызда Жамбыл облысының Сарысу ауданында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1969), заңгер. Заң ғылымдарының кандидаты (2001). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Басты сот талқылауындағы адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі прокурордың қылмыстық-процессуалдық қызметі». Профессор. Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы 20-дан астам ғылыми еңбектің авторы. «Қазақстан Республикасындағы прокуратура туралы», «Қазақстан Республикасының соттары және судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Заңдарын әзірлеуге қатысқан.
1969 жылдан - тергеуші, Гвардиялық ауданының прокурорының көмекшісі;
1972 жылдан - Киров ауданының прокуроры;
1981 жылдан - Торғай облыстық прокурорының орынбасары.
1985 жылдан - Қарағанды облыстық прокурорының бірінші орынбасары.
1987 жылдан - Торғай облысының прокуроры.
1988 жылдан - Алматы көлік прокуроры.
1990 жылдан - ҚР Бас прокурорының орынбасары.
1993 жылдан - Қазақ көлік прокуроры.
1994 жылдан - ҚР Бас прокуратурасының Кадрлар қаржылық және шаруашылық қызмет Бас басқармасының бастығы.
1995 жылдан - ҚР бас прокурорының орынбасары.
1997 жылдан - Талдықорған облысының прокуроры.
1998 жылдан - Алматы қалалық Әділет басқармасы Сот орындаушылары департаментінің директоры.
2000 жылдан - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Құқық институты директорының орынбасары; ҚазМЗА-ҚазМЗУ проректоры.
2001 жылдан - ҚазМЗУ Ұлттық құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры; «ҚазГЗУ» АҚ директорлар кеңесіні төрағасы.
2008 жылдан бері - «ҚазГЗУ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
«Құрмет белгісі» орденімен, ҚР Президентінің Алғысымен марапатталған. ҚР Прокуратурасының Құрметті қызметкері. 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.
Болат Ажақайұлы Сембин
Последние статьи автора