Берік Тұрсынбекұлы Бейсенғалиев

Берік Тұрсынбекұлы Бейсенғалиев 1966 жылы 12 ақпанда Қостанай облысы,  Жангелді ауданы, Торғай ауылында дүниеге келді. Ебней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және оның аспирантурасын бітірген.
1994-1995 жылдары - «Компьютерлік емдік-диагностикалық жүйе» ұжымдық кәсіпорында бас есепші. 1995-1996 жылдары - «Казкоммерцбанк» банкі дилинг басқармасының дилері. 1996-1997 жылдары - «Alеm Bank» Kazakhstan» Қарағанды басқармасы бастығының орынбасары. 1997-1998 жылдары - «Тұран-Әлем Банкі» ЖАҚ Ақмола филиалының бастығы. 1998-2004 жылдары - «Алматы сауда-қаржы банкі» АҚ-ы Астана қалалық филиалының директоры. 2004-2006 жылдары - «АТФБанк» АҚ-ының басқарушы директоры, «АТФБанк» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары. 2006-2009 жылдары - «Аstana Capital Investment Group» инвестициялық компаниясының бас директоры қызметтерін атқарған. 2009 жылдың қаңтар айынан 2012 жылдың қыркүйек айына дейін «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
2012 жылдан бастап «Темiрбанк» АҚ-ы директорлар кеңесінің төрағасы.
Экономика ғылымдарының кандидаты. 2004 жылдың наурыз-қараша айларында «Қазақстан халықтық жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болған. 2004-2006 жылдары - Омбы қаласындағы «Банк Сибирь» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. 2005 жылдың наурызынан « Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, 2010 жылдың қаңтарынан - «Азық-түлiк келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста