Берік Смағамбетұлы Дүйсетаев

Берік Смағамбетұлы Дүйсетаев 1965 жылы 27 қыркүйекте Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Қарағанды Мемлекеттік университетін, Қазақтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.
1985-1989 жылдары Қарқаралы қаласындағы №41 орта кәсіптік-техникалық училищесінің комсомол комитетінің хатшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1989-1991 жылдары Қарқаралы аудандық комсомол комитетінің ІІ хатшысы қызметтерін атқарған. 1991-1993 жылдары Қарқаралы қаласындағы №41 кәсіптік-техникалық училищесінде тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі. 1993-1995 жылдары Тарихи-өлкетану мұражайының директоры, Қарқаралы аудандық әкімшілігінің бөлім басшысы. 1995-1999 жылдары Қарағанды облыстық Мемлекеттік жекешелендіру комитетінде бас маман-аукционист, 1999-2001 жылдары Қарағанды облысы әкімі аппаратында бас маман, облыстық Қаржы басқармасында бөлім басшысы қызметтерін атқарған. 2001-2002 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Бюджетті жоспарлау және Қаржы департаментінің бас маманы, 2002-2005 жылдары Қарағанды облыстық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының басшысы, 2005 жылдың қаңтар айынан ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің басқарма басшысы қызметтерін атқарған. 2005 жылдың сәуірінен бері «Қазақстан» РТРК» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры.
2008 жылы Қазақстан Республикасының дамуы мен қалыптасуына қосқан қомақты үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» және «Астанаға 10 жыл» мерекелік төсбелгілерімен марапатталды. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің (2003 ж.), «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңес бюросының (2008 ж.) Құрмет грамоталарына және Қарағанды облысы әкімінің (2007 ж, 2008 ж.), Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасының (2008 ж.) Алғыс хаттарына ие болған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста