Бэла Ғабдұлғалиқызы Ахметова 1938 жылы 12 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ғалым, профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Алғашқы ғылыми жұмысын протонографияның кейбір мәселелерін зерттеуден бастаған. Мәскеу ғалымдарымен бірлесіп монокристалдардағы ядролық реакциялардың көлеңкелер эффектісін (әсерін) зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ахметованың тікелей қатысуымен зарядталған бөлшектердің (протондардың, альфа-бөлшектердің) кристалдармен әсерлесуі, энергиясы 100 кэВ-ке дейін жететін протондардың әр түрлі дозасымен сәулелендіру кезінде металдар мен қорытпаларда блистерлердің пайда болуы зерттелді. Бұл зерттеудің термоядролық реактордың 1-қабырғасының материалын таңдау үшін маңызы зор болды. 20-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
Бэла Ғабдұлғалиқызы Ахметова
Последние статьи автора