Базарбай Қанайұлы Нұрабаев 1959 жылы 15 қарашада Қызылорда облысында дүниеге келген. Қызылорда политехникумын, Саратов ауыл шаруашылығын механикаландыру институтын, Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Техника ғылымының докторы. Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі. Еңбек жолын 1977 жылы бастады, инженерден пайдалы қазбалар кен орындарының геологиялық-барлау және іздеу жұмыстары кәсіпорындарының басшысына дейінгі жолдан өтті. 2012 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Қазгеоақпарат» Республикалық геологиялық ақпарат орталығының басшысы қызметін атқарды. 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы. 2014 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы.
Базарбай Қанайұлы Нұрабаев
Последние статьи автора