Батырбек Мықансалықұлы Ахметов 1954 жылы 9 желтоқсанды Қостанай облысы Жангелді ауданында Саға ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын және 2008 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін ғылыми агроном және экономика бакалавры мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1971 жылдан Алматы қаласының №6 автобазасында автодәнекерлеуші болып бастады. 1973 жылдан 1975 жыл аралығында Кеңес армиясынның қатарында болды. 1975-1991 жылдары Жангелді аудандық ішкі істер бөлімінде МПИ инспекторы, Арқалық қаласының ішкі істер бөлімінің ӨҰБ техникалық қызметі бөлімінің бастығы. Машина алаңының меңгерушісі, машина-трактор шеберханасының меңгерушісі, бас инженер, Қостанай облысы Жангелді ауданының «Бидайық» совхозының егіншілік бригадиры. 1991 жылдын 1997 жылдар аралығында Қостанай облысы Жангелді ауданының Дулатов атындағы шағын кәсіпорын шаруа қожалығының төрағасы. 1999 жылдан 2000 жылы аралығында Қостанай облысы Алтынсарин ауданында «Алтынсариский» ӨК конкурстық басқарушысы болып жұмыс істеді. 2000 жылы Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай ауыл шаруашылық химизация станциясының жобалық зерттеуші» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директоры болып жұмыс атқарды.
2000 жылдың 2002 жылдар аралығында Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2002 -2004 жылдары Қостанай облысы Алтынсарин ауданының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы лауазымын атқарды. 2004-2009 жж Қостанай облысы Жангелді ауданының әкімі болып жұмыс атқарды. 2009-2010 жж «Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы болды. 2010 жылдың қыркүйегінде Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімі болып тағайындалды.
Батырбек Мықансалықұлы Ахметов
Последние статьи автора