Бәтима Есмұратқызы Зәуірбекова

Бәтима Есмұратқызы Зәуірбекова

Бәтима Есмұратқызы Зәуірбекова 1946 жылы 29 тамызда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Фурманов ауылында дүниеге келген. Суретші, гобеленші, сәндік-қолданбалы өнер иесі. Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі. Алматы көркемсурет училищесін, Абай атындағы мемлекеттік университетін бітірген. «Астық жинау», «Мелодия» сияқты алғашқы туындылары өткен ғасырдың 70-жылдары Мәскеудегі көрмеде көрсетіліп, жоғары бағаға ие болды. Бұл туындыларынан тіршілік тынысы айшық бояулар арқылы көрсетіліп, күнделікті тұрмыс, дүниенің жарасымдылығы жан-жақты көрініс тапты. Гобелен - кілемдердің бояуларының қанықтығы мен тазалығы автордың жан дүниесінің нәзіктігін, өмірге деген шыншыл көзқарасы мен махаббатын білдіріп тұрады. Сан түрлі құбылыстарды әсерлеуге құрылған гобелендерді тоқумен қатар сурет өнерін жете меңгерген Зәуірбекова «Әйгерім» атты еңбегінде түр-түстерді мейлінше құбылтып көрсетсе, «Құнарлылық» деп аталатын суретінде өмірдің сәнін келтіретін әйел-ананы аса жоғары дәріптейді. Шығармашылық ой-қиялын шарықтау шегіне жеткізе отырып дүниеге келтірген «Дала мадоннасы» атты еңбегінде көркемдік көріністерді жинақтап көрсетудің ең жоғары үлгісін байқатады. Зәуірбекова көптеген отандық, халықаралық көрмелерге үзбей қатысып аталған еңбектерінен тыс «Көктем», «Жер-ана», «Кешкі Алматы», «Қазақстан кемпірқосағы», «Астық мерекесі», «Береке», «Жас Абай», «Бақыт құстары», «Күй», «Сазгер» сияқты аса ірі, кең ауқымды шығармалары арқылы жоғары бағаланып, сыйлықтар мен лауреаттық атақтарды иеленіп келеді. Оның суреткерлік өнері, тамаша туындылары жайлы шығарылған альбом-кітапта (авт. Ш.Тоқтабаева), Түркияда шығарылған каталогта (1999), «Мелодия» атты деректі фильмде кеңінен сөз болған. Зәуірбекова қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін өзі таңдаған сара өнер гобелен арқылы кеңінен танытып келе жатқан жаңашыл суреткер, шеберлік пен шынайы талант иесі. Оның жұмыстары АҚШ-та, Канадада, Ресейде, Түркияда, Францияда, Швейцарияда, қазақстанда және басқа елдерде мұражайлар мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Көптеген елдерде жеке көрмелері табысты өтті. Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста