Бақытбек Сейсебайұлы Шабарбаев 1954 жылы 1 қарашада Алматы облысының Көктал ауылында дүниеге келген. Алматы педагогикалық шетел тілдері институтын, Халықаралық қатынастар дипломатиялық шетелдік қызмет академиясын (Пәкістан) бітірген.
Комсомол қызметінде, орта мектептің мұғалімі болды. 1994 жылдан - ҚР-ның Пәкістандағы елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, Карачидегі ҚР Консулдық пунктінде бірінші хатшы, кеңесші болды. 2002 жылдан ҚР СІМ консулдық қызметі департаментінің кеңесшісі. 2004 жылдан ҚР Дипломатиялық миссиясының кеңесшісі. ҚР-ның Чех Республикасындағы елшілігінің кеңесшісі. 2005 жылдан - ҚР-ның Таиланд Корольдігіндегі уақытша өкілі - БҰҰ-ның ЭСКАТО жанындағы ҚР өкілі. 2006 жылдың маусымынан бастап - ҚР-ның Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Бангладештегі елшісі қызметін қоса атқарушы.
Бірнеше медальмен ҚР СІМ құрмет грамотасымен марапатталған.
Бақытбек Сейсебайұлы Шабарбаев
Последние статьи автора