Балтабай Сейітмамытұлы 1950 жылы 11 сәуірде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қастек ауылында дүниеге келген. М. Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық театрдың жанындағы театр студиясын (1971) театр және кино актері мамандығы бойынша; Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын (1996), драма және кино режиссері мамандығы бойынша бітірген. «Жүрегім ашық жақсыға» кітабының (2010); жарияланған спектакль рецензияларының авторы. 1974 жылдан С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрының актері. 1976 жылдан - Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер академиялық театрының актері. 1978 жылдың маусым айынан - «Гүлдер» республикалық ансамблінің актері. 1978 жылдың қыркүйек айынан - М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының актері. 1984 жылдан бері - Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер академиялық театрының актері.
I. Есенберлиннің «Ғашықтар» (Амантай), Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» (Қозы), Е.Ерубаевтың «Менің құрдастарым» (Рахмет), С.Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» (Военком), А.П.Чеховтың «Шағала» (Тригорин), Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» (Иванов), «Қызыл жебе» (Жармұханбетов), У.Шекспирдің «Даулы түнгі думан» (Тизей), М.Әуезовтың «Абай» (Айдар), Т.Теменовтың «Мулен Ружға шақыру» (Сахнаның киесі), Ә.Таразидің «Індет» (Қызыл әскер), С. Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» (Жиенбай), Е.Төлеубайдың «Жерұйық» (Бастық) және т.б. көптеген рөлдерді сомдады. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2007).
Балтабай Сейітмамытұлы
Последние статьи автора