Азат Райымбекұлы Сейтметов

Азат Райымбекұлы Сейтметов

 Азат Райымбекұлы Сейтметов 1964 жылы 14 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1982 жылы Алматы Мемлекеттік Театр және Көркемсурет институтының «Кино және театр актері» факультетіне түскен. 1983-1985 жылдары әскери борышын өтеп, институтты 1988 жылы бітірді.
1988 жылы жолдамамен М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына жұмысқа қабылданды. Ғ.Мүсірепов атындағы Жасөспірімдер мен балалар театрында, сондай-ақ бірер жыл өзге салада жұмыс істеп, 2003 жылы қайта М.Әуезов театрына оралды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық классика мен заманауи драматургияда– М.Әуезовтің «Абайында» Долгов (реж. Е.Обаев), «Қарагөзінде» Матай (реж. Б.Атабаев), «Еңлік-Кебегінде» Абыз (реж. Х.Әмір-Темір), М.Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншегінде» Жорабек (реж. О.Кенебаев), Ә.Әмзеұлының «Қара кемпірінде» Шөмбай (реж. Е.Обаев), С.Асылбекұлының «Күзгі романсында» Сайлау (реж. Ә.Рахимов), И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Алеко (реж. Е.Обаев, Т.Аралбай), Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілерінде» Байбол, Д.Исабековтің «Мұрагерлерінде» Сызғанов (реж. О.Кенебаев), «Жаужүрегінде» Ақылбай (реж. Е.Обаев), «Актрисасында» Самат (реж. Н.Жұманиязов), Иран-Ғайыптың «Мен келемінінде» Шибұт (реж. Қ. Қасымов), Ә. Таразидің «Ақын… Періште… Махаббатында» Скрипкашы, Т. Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Шұбараяқ ояз, Ә. Рахимовтің «Қылмыскерге куәлігінде» Шотбай, Т. Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Барбол (реж. Ә. Рахимов), Н. Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Асылхан (реж. Е. Обаев), Қ. Ысқақ пен Шахимарденнің «Қазақтарында» Қойгелді (реж. Т. әл-Тарази), т.б.
Әлемдік классика мен заманауи драматургияда – Шекспирдің «Гамлетінде» Лаэрт (ауд. Ә. Кекілбаев, реж. Ю. Ханинга-Бекназар), Н. Гогольдің «Үйленуінде» Жевакин (ауд. О. Қыйқымов, реж. В. Захаров), Т. Жүженоғлының «Көшкінінде» Шал (реж. А. Кәкішева), М. Байджиевтің «Қылмысында» Назар (реж. О. Акжаркын-Сәрсенбек), т.б.
Театрдың дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалінің жүлдегері.
Кинорольдері:
«Раритет», «Періште» (реж. Ә. Әлпиев) , «Лейтенант С» (реж. Т. Аргыншиев), «Айналайын» (реж. Б. Қалымбетов), «Қара шегіртке» (реж. С. Өтепбергенов), «Балалық шағымның аспаны» (реж. Р. Әбдірашев), «Рэкетир» (реж. А. Сатаев), «Әсел, достары мен құрбылары» (реж. А. Қарпықов), т.б. фильмдеріге түскен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста