Ахан Бегманұлы Әбжәлелов
Ахан Бегманұлы Әбжәлелов 1959 жылы 24 желтоқсанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Биолия ғылымның докторы (1999), профессор (2003). ҚазМУ-дың биология факультетін (1988, қазіргі ҚазҰУ) және Қазақстан ҰҒА-ның аспирантурасын (1992) бітірген соң Микробиология және вирусология институтында ғалым, аға ғылыми қызметкер (1992–1997), Қазақ ұлттық аграрлық университетінде дoцент, профессор (1997–2000), Еуразия ұлттық унверситетінде профессор, кафедра меңгерушісі (2000–2004), Халықаралық қазақ-түрік университетінде кафедра меңгерушісі (2004–2006), ал 2006 жылдан Микробиология және вирусология институты директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Қазір Қазақ технология және бизнес университетінің сыртқы экономикалық байланыс және ғылыми істер жөніндегі проректоры.
1999 жылы алғаш рет күріш алқабындағы топырақта күрделі қарашірік заттарының құрылуының микробиологиялық механизімін жасады.
9 ғылым кандидатын дайындады. 140-тан астам ғылыми мақалалардың авторы, оның ішінде 1 монография, 2 оқу құралы бар. 2005-2015 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің концепциясын жасауға қатысты.
«Микробиология», «биотехнология», «фармакология, клиническая фармакология» мамандықтары бойынша докторлық диссертация қорғайтын Диссертациялық кеңестің төрағасы (2008-2010 ж.)