Әуелхан Қалиұлы 1939 жылы 15 қазанда Қытайдың Шыңжаң-Алтай аймағы Буырылшын ауданында дүниеге келген. Шыңжаң педагогикалық институтын тәмамдаған. Әдебиет зерттеушісі, профессор, жазушы.
1959-1978 жылдары Шыңжаң педагогикалық институтында, 1978-1995 жылдары Шыңжаң университетінде сабақ берді. 1995 жылдан Шыңжаң оқу-ағарту институтының ректоры қызметін атқарды.
Оның қазақ тілі мен әдебиеті мәселелерін зерттеуге арналған «Жазушылықтың негіздері», «Қазіргі қазақ тілінің стилистикасы», «Қазақ ауыз әдебиетіне шолу» атты монографиялары және «Әдебиетіміз туралы кейбір ойлар», «Биіктеген там» әңгімелер мен эсселер жинағы, «Ауырлықты жер көтереді» пьесалар жинағы жарық көрген. «Қазақтың байырғы тұрмыс-салты жырлары» деген кітабы ағылшын тілінде жарияланды.
Әуелхан Қалиұлы
Последние статьи автора