Әсел Иманғалиқызы Мәмбетова 1959 жылы 9 тамызда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Ақжайық кентінде дүниеге келген.
1984 жылы Алматы мемлекеттік театр институтын бітірген, музыкалық драма актері. Қалалық және аудандық шаралар сценарийлерінің авторы. 1984 жылдан - Алматы қаласының Жас көрермен театрының актері. 2000 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, аға оқытушысы. 2010 жылдан бері - Ғ . Мүсірепов атындағы Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған театрдың актері. Ә. Әбішевтың «Мәди» (Ділдар), У. Шекспирдің «Жазғы түндегі түс» (Гермия), А.П. Чөховтың «Чайка» (Нина Заречная), Ф. Оңғарсынованың «Бақыт пен қайғы» (Ақынқыз), С. Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» (Гүлбаршын), С.Асылбековтың «Рабиғының махаббаты» (Роза); I. Жансүгіровтың «Исатай-Махамбет», Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» (Күнікей) және басқа спектакльдерде ойнады. «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1994). «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2001). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009).
Әсел Иманғалиқызы Мәмбетова
Последние статьи автора